Ауғанстандағы студент қыз-жігіттер бөлек оқиды

Ауғанстандағы студент қыз-жігіттер бөлек оқиды

Ауғанстанда студент қыз-жігіттер бөлек оқиды. Бұл туралы Талибан қозғалысының жоғары білім беру министрлігі хабарлайды. Белгілі болғаны ұлдар мен қыздардың сабақтары әр түрлі күнде өтеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жастар білім ордасына аптасына 3 күннен барып отырады. Билік өкілдерінің айтуынша, студент қыздар да білім ала алады.