Қытайда жұрт аш қаламыз ба деп алаңдайды

Қытайда жұрт аш қаламыз ба деп алаңдайды

Билік науқас саны артып, тест тапсыру қажеттігін жариялағаннан кейін Чаоян ауданының тұрғындары дүкендерге ұмтылды. Базарлардың бірінде бірнеше сағатта картоп бітіп қалды. Ал кейбір шағын дүкендерде көкөніс қымбаттады. Қала әкмішілігі азық-түлік жеткілікті екеніне сендіріп отыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ли Сяохэй, Бейжің қаласының тұрғыны:

Супермаркеттерде жұрт жаппай азық-түлік сатып алып жатқанын көрдім. Ал билік тауар тапшлығы болмайтынын хабарлады. Көбі уайымдап отыр, олар Шанхайда халық дер кезінде қамдамағандықтан, жағдай ушықты деп санайды. Әзірше бәрі қалыпты, бірақ мен де алдағы күндері азық-түлік сатып алуды көздеп отырмын. Тез дайындалатын кеспе мен жартылай дайын фабрикаттарды аламын.

Ауданда тұратын үш жарым млн адам ПТР-тесті үш рет-дүйсенбі-сәрсенбі мен жұма күндері тапсыруға тиіс. Ол тегін – өткізіледі. Үкімет тек тест тапсырғаннан кейін жұмысқа шығуға және қалада жүріс-тұрысты азайтуға шақырып отыр. Сәрсенбі күнгі тест нәтижелері белгілі болғанға дейін, билік бірнеше тұрғын кешенді жауып тастады.

Ян Бэйбэй, Бейжіңдегі Чаоян ауданы мэрінің орынбасары:

 – Науқастардың жүріс-тұрысы мен ПТР-тестілеу нәтижелеріне сәйкес, қауіпті бағалап, індетті бақылау мен алдын алу бойынша тиісті шаралар қабылдаймыз. Жаппай тестілеу инфекцияның таралуына жол бермеу және халықтың өмірі мен денсаулығын сақтау үшін қажет

Ауданда спорт пен білім беру орталықтары жабылды. Билік дүкендерге тауар жеткізуді күшейтті, әсіресе шектеу енгізілген аудандарға басымдық берілген. 

Авторы: Ботагөз Сырғабаева