Непалда туристер үшін шекара ашылды  

Непалда туристер үшін шекара ашылды  

Непал туристерге шекарасын айқара ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ел аумағы осыдан 2 жыл бұрын коронавирус шектеулеріне байланысты шетелдіктер үшін жабылған болатын. Осының кесірінен таудағы бизнес шығынға белшеден батты. Осы салада жұмыс істейтін 30 миллионға жуық тұрғын дағдарыс зардабын тартты. Енді Непал шамамен 2 жарым миллиондай турист қабылдауға дайын. Жергілікті турагенттіктер бұрынғы бағдардан бөлек жаңа саяхат жолдарын ашып жатыр. Тізімде парашютпен секіру, парапланеризм, банджи-джа́мпинг пайда болды. Мамандардың айтуынша, туризмді індетке дейінгі қалпына келтіру үшін біраз уақыт керек.

2021 жылы Непалға келген туристер саны мыңға жетпеді. Ал биыл саясхатшылар қатары 78 мыңға жетті. Бұл біз үшін жақсы көрсеткіш.  

Непалға жақын айларда келетін туристер саны еселеп артады деп сенеміз. Туризм ел экономикасын қалпына келтіру үшін өте маңызды.