БҰҰ: Табиғи апаттың саны артады

БҰҰ: Табиғи апаттың саны артады

Әлемде табиғи апат саны жылына 560-қа дейін жетеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл БҰҰ-ның жасаған болжамы. Оған сәйкес 2030 жылға қарай орман өрті, көшкін жүру, су тасқыны сияқты табиғи апаттар жаһанның түкпір-түкпірінде күнде орын алмақ.  Бұл адамзат өміріне үлкен қауіп – дейді мамандар. Ұйымның ұсынған баяндамасында табиғи құбылыстар адамзаттың іс-әрекетімен және климаттың өзгеруімен тікелей байланысты делінген.

Айта кетейік, соңғы жарты ғасырда әлемде тіркелген табиғи апаттардың саны 5 есеге артты.