Ауғанстанда екі мәрте жарылыс болып, тоғыз адам мерт болды

Ауғанстанда екі мәрте жарылыс болып, тоғыз адам мерт болды

Ауғанстанның Балх қаласында болған екі жарылыстан тоғыз адам мерт болып, 13 тұрғын жарақат алды. Жарылғыш зат көліктерге орнатылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Тәртіп сақшылары қаскөйлер шиіттерді нысанаға алғанын айтады. Әзірге оқиғаға қатысты жауапкершілікті ешбір террорлық ұйым өз мойнына алған жоқ. Естеріңізге салайық, өткен аптада Ауғанстандағы мешіт пен діни мектепте болған жарылыстан  33 адам көз жұмған еді.