Байден Украинаға көмек үшін Конгрестен $33 млрд сұрады

Байден Украинаға көмек үшін Конгрестен $33 млрд сұрады

АҚШ президенті Джо Байден Конгрестен 33 млрд доллар сұрап отыр.  Айтуынша, қаражат Украинаға көмекке жұмсалатын болады. Ақ үй басшысының мәлімдеуінше бұл Ресейдің басқыншылығына төтеп беру үшін жасалып отырған әрекет.  Сонымен қатар Байден америкалық әскерін Украинаға жібермейтінін тағы бір ескертті. Айта кетейік, жуырда Вашингтон мен онымен одақтас елдер Киевке ауыр  әскери техника жөнелтетінін хабарлаған. Оның ішінде танктер мен артиллериялық қару бар, деп хабарлайды «Хабар 24».

Джо Байден, АҚШ президенті:

Киевке  қауіпсіздік пен экономикалық және гуманитарлық демеу көрсету үшін Конгрестен көмек сұрадым. Тиісті өтінімге бүгін қол қойдым. Тәуелсіздігі үшін күрескен Украинаға қолдау көрсету үшін бізге тиісті заң жобасы қажет.