Колумбияда студенттер президентке қарсы бас көтерді    

Колумбияда студенттер президентке қарсы бас көтерді    

Колумбияда үкімет қарсы наразылық шарасы өтіп жатыр, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл жолы студенттер мен жұмысшылар бас көтерген. Ел астанасы Богота көшелеріне шыққан белсенділер биліктен жұмыс орнында қолайлы жағдай тудыруды және полицейлердің заңсыз әрекеттерін тыюды талап етті.

Естеріңізге сала кетейік, осыдан 1 жыл бұрын тәртіп сақшылары шерушілерді күшпен таратып, ақыр соңында 29 адамды өлтірген болатын. Полиция бейбіт тұрғындарға қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, нөпірі қатты мұздай су шашқан. Сақшылар жағынан 3 адам жараланып, 13 ереуілші қамауға алынған еді.