Түркия туризмнен 35 млрд доллар пайда табуды жоспарлап отыр

Түркия туризмнен 35 млрд доллар пайда табуды жоспарлап отыр

Түркия биыл 42 млн турист тартып, 35 млрд доллар пайда табуды жоспарлап отыр. Осылайша пандемияға дейінгі көрсеткішке жетуді көздейді. Бұл туралы туризм және мәдениет министрі мәлімдеді. Айта кетейік, туризм елдің басты табыс көзінің бірі. Алайда Украинадағы ахуал мен Ресейге салынған санкциялар елдің бұл саласына кері әсер тигізуі мүмкін, деп хабарлайды «Хабар 24».

Мехмет Нури Эрсой, Түркияның Туризм және мәдениет министрі:

Мұндай дағдарыстар бұрын да болған және болашақта да қайталанады. Ең бастысы дағдарысқа бейімделіп, әрекет ету керек. Қарсы иммунитет қалыптастыру қажет. Түркия бұл бағытта 2019 жылдан бері шаралар қабылдап жатыр.