Парижде 1 мамыр шерулері полициямен қақтығысқа ұласты

Парижде 1 мамыр шерулері полициямен қақтығысқа ұласты

Парижде бірінші мамыр шерулері негізінен бейбіт өткенімен кей аудандардағы шаралар соңы полициямен қақтығысқа ұласты. Бұзақылар дүкендер мен банк бөлімшелерін талқандап, қоқыс жәшіктерін өртеді.

Полицияның хабарлауынша, тәртіпсіздікті шерушілер арасындағы радикалды топтар ұйымдастырған. Қара киім киген бұзақылар бейбіт шерушілерден бөлініп, полицияға тас пен шөлмек лақтырып, жолындағысын қиратуға көшкен. Тәртіп сақшылары көзді жасауратқыш газ қолданып, күш қолдануына тура келген. 54 адам қамауға алынды.