Канзас штатында құйын салдарынан 400 үй қирап қалды

Канзас штатында құйын салдарынан 400 үй қирап қалды

АҚШ-тың Канзас штатында алапат құйын салдарын жою жұмыстары жүріп жатыр.

Демалыс күндері мұнда торнадо ойран салып, бұршақ жауған. Штаттың кей ауданында төтенше жағдай жариялаған. Құрбандар жоқ, 4 адам жарақат алған. Инфрақұрылым нысандарына да зақым келген. 400 үй жермен жексен болды. 15 мың тұрғын жарықсыз қалды. Қазір билік материалдық шығын көлемін есептеп жатыр.