Оңтүстік Корея еңбек мигранттарына виза санын көбейтті

Оңтүстік Корея еңбек мигранттарына виза санын көбейтті

Оңтүстік Корея кеме құрастыратын жерде жұмыс істейтін еңбек мигранттарына берілетін виза санын арттырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы елдің Әділет министрлігі жариялаған. Осы арқылы дәнекерлеу, бояу бойынша білітктілігі бар 4 мың 400 маман тартылмақ . Clarksons Research зерттеу орталығының мәліметіне қарағанда кейінгі бір жылда жылдары сұйытылған газ таситын танкерге сұраныс екі есе артқан. Мәселен, биыл алғашқы тоқсанда 37 кемеге тапсырыс түскен. Бұл былтырғы жарты жылғы тапсырыстан асып түскен. Бүгінде таңғы шық елі көгілдір отын таситын кеме құрастырудан әлемде көшбасшы саналады. Жоғары технологиялы танкерлердің 60 проценті осы елде құрастырылады. Оның үстіне биыл Оңтүстік Коеря үкіметі теңіз арқылы Еуропаға газ жөнелтуді жоспарлап отыр. Бірақ әзірге көлемі белгісіз.