loader

Швейцарияда ең ірі ақ гауһар тас аукционға шығарылады

Швейцарияда ең ірі ақ гауһар тас аукционға шығарылады

Женевада алдағы аптада аукицонаға шығарылатын ең ірі ақ гауһар тас «Жартас» деп аталды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қымбат тастың салмағы 228 караттан асады. 20-30 миллионға бағаланып отыр. Асыл тас 20 жыл Оңтүстік Африкадағы кеннің бірінде өндірілген. Бәссаудаға «Қызыл крест гауһартасы» деп аталатын сары асыл тас та қойылады. Бұл гауһардың салмағы 205 карат. Бұл сирек тас 1901 жылы Оңтүстік Африка кенінен өндіріліп, 1918 жылы соғыс кезінде Қызыл Крест аукционында сатылған.

Рауль Кадакия, Christie's аукцион үйі халықаралық зергерлік бөлімінің басшысы:

– Мен мұнда 25 жыл жұмыс істеймін. Ал «Кристи» аукцион үйіне 256 жыл. Мұндай ақ түсті ірі гауһар тас алғаш рет бәссаудаға шығарылып отыр.

Сондай-ақ...