Әлемде АҚШ долларының индекстері жоғарылап барады

Әлемде АҚШ долларының индекстері жоғарылап барады

Жыл басынан бері оның құны 8 процентке өскен. Оған құрама штаттардың ақша кредит саясатын қатаңдатуы әсер етті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Сарапшылар ертеңгі кеңесте елдің федералды қор жүйесі базалық мөлшерлеме 50 путке көтереді деген болжам айтып отыр. Себебі АҚШ-та да инфляция жоғарылап кеткен. Геосаясаттағы ахуалға байланысты мұнда бағаның өсімі 8 жарым процентке жетті. Бұл кейінгі 40 жылдағы рекордты деңгей. Алайда федералды қор жүйесінің базалық ставканы көтеруі өзге мемлекеттердің экономикасына кері әсер етуі мүмкін. Осы жаңалықтан кейін-ақ кей елдердің валютасына әлсірей бастады.Мәселен, мұнай өндіретін Канада, Мексика сынды елдердің төл ақшасы долларға шаққанда төмендеген. Бір қызығы рубль міз бақпай, бір қалыпта тұр. Теңге де әзірге тұрақтылығын сақтап тұр. Тіпті сәуірде долларға шаққанда 5-6 процент нығайған.