Украинаның Львов қаласы зымыранмен атқыланды

Украинаның Львов қаласы зымыранмен атқыланды

Ресей күштері Украинаның батысындағы Львов қаласын тағы зымырандармен атқылап, 2 адам жарақат алды.

Қала мэрі Андрей Садовыйдың мәлімдеуінше, соққылардан шаһардың кей ауданында электр станциялары істен шығып, тұрғындар жарықсыз қалған. Ал ақпарат құралдары Ресей әскері соңғы күндері Украинаның батысындағы қалаларды атқылауды күшейткенін айтады. Мәскеу бұл арқылы батыс елдерінен жеткізіліп жатқан әскери көмекке кедергі келтіріп, Украинаның Қара теңізге шығуын шектемек деп отыр.

Айта кетейік, Ресей әскері Львов қаласын соңғы рет сәуірдің 18-і күні атқылаған болатын. Ол кезде шабуылдан 8 адам көз жұмды.