Еуропа Ресейдің газынан бас тарта ма?

Еурокомиссия 2 аптадан кейін жыл соңына дейін Ресей газының үштен екі бөлігінен бас тарту бойынша жоспарын ұсынбақшы.

Ал бүгін Еуропалық Одақтың Ресейге қарсы санкциялардың 6-пакетін жария етпекші.

Бұл туралы Еуропалық парламентте Одақтың Энергетика бойынша еурокомиссары Кадри Симсон мәлімдеді.

Айтуынша, жаңа шектеулер Ресейдің мұнай өндірісіне бағытталады. Сонымен қатар қара тізімге енгізілген банктердің қатары артады. Бірақ бельгиялық ақпарат құралдары Ресей мұнайына эмбарго жариялау үлкен дау туғызып жатқанын айтады.