«Азовсталь» зауытынан эвакуацияланған 156 адам Запорожьеге жетті

Украинаның Мариуполь қаласындағы «Азовсталь» зауытынан эвакуацияланған 156 бейбіт тұрғын Запорожьеге жеткізілді.

Бұл туралы президент Владимир Зеленский мәлімдеді. БҰҰ мен Қызыл крест ұйымдары да Запорожьеге 160-қа жуық адам көшірілгенін растады. Қала мэрі Вадим Бойченко болса Ресей күштерінің тексерісі мен күшті сүзгісінен әзірге Запорожьеге бейбіт халық мінген 14 автобустың үшеуі ғана келгенін айтады. Қалғаны қай жерде екенін белгісіз дейді.

Ал ресми дерекке сәйкес, жалпы Мариупольде 100 мыңнан аса бейбіт тұрғын, ал «Азовсталь» зауытының өзінде тағы 200-дей адам бар.

Надя, Мариуполь тұрғыны:

- Қалаға шабуыл басталғанда біршама қауіпсіздеу жер дегесін зауытқа барып жасырындық. Бастапқыда біраз тыныштау болды. Бірақ өндіріс ошағы қоршауға алынып, тоқтаусыз атқыланғаннан кейін сыртқа шыға алмай қалдық.

Паскаль Хундт, Халықаралық Қызыл крест делегациясының басшысы:

- Азовсталь зауытында біршама бейбіт тұрғын болуы мүмкін. Ал Мариуполь қаласының өзінде адамдар одан да көп екені анық. Сондықтан біз бейбіт тұрғындарды мүмкіндігінше көбірек эвакуациялалау үшін автобустар жібердік.