Ресей Украинаның 600-ден астам сарбазының көзін жойғанын мәлімдеді

Ресей әскері Украинаның көптеген бекінісіне шабуыл жасап, «ұлтшылдардың 600-ден астам сарбазының көзін жойдық» деп мәлімдеді. Сондай-ақ 61 қару мен әскери нысан талқандалған. Бұл туралы Ресейдің Қорғаныс министрлігі хабарлады.

Игорь Конашенков, РФ Қорғаныс министрлігінің ресми өкілі:

- Ресей Федерациясының Қарулы күштері Украинадағы арнайы әскери операцияны жалғастырып жатыр. Кировоград, Николаев аймақтарында қару-жарақ қоймасы, жанармай сақтайтын кешен мен авиация құрал-жабдығы жойылды.