Бізде жеңуден басқа амал жоқ – Дмитрий Кулеба

«Украина Ресейден қорықпайды және соғыста жеңіске жетеді, өйткені бізде басқа таңдау жоқ».

Украина Сыртқы істер министрі Дмитрий Кулеба британиялық "Скай Ньюз" телеарнасына берген сұхбатында осылай деп мәлімдеді. Сондай-ақ ол Ресеймен арадағы келіссөздерден жақын арада ешқандай пайда болмайтынын айтты.

Дмитрий Кулеба, Украина Сыртқы істер министрі:

- НАТО бізді қару-жарақпен қамтамасыз етіп отырған жоқ. Бізге оны кейбір одақтастар беріп отыр. НАТО-ның Ұлыбритания, АҚШ, Польша, Түркия сияқты мүшелерінің ролі айрықша. Кеңес заманындағы ескі танкілерден түк пайда жоқ. Бізге Батыстың танкілері керек. Егер біз барлық қару-жарақты дер кезінде алмасақ, онда біраз жерімізден айырылып, соғыс созылып кетуі мүмкін. НАТО елдеріндегі адамдар, саясаткерлер Украинаға тәнті. Өйткені Украина Ресейден қорықпайды.