Өзбекстанда саяхатшы шығыны өтеледі

Өзбекстанда саяхатшы шығыны өтеледі

Өзбекстанда азаматтардың жиі саяхаттауына мүмкіндік туды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Енді ішкі туризмге жұмсалған шығынның бір бөлігі субсидияланады. Ұшақ, теміржол және автомобиль билеттері мен қонақ үй ақысының кемі 15 проценті өтеледі. Мұндай шара Президент пәрменімен орындалып отыр. Мақсат – ел азаматтарын киелі жерлерге жиі саяхат жасауына ынталандыру. Жеңілдік шетелдіктерге қолданылмайды. Тек сол елдің азаматтары ие болады. Өзбекстан туризм саласынан жыл сайын 1 жарым млрд доллар пайда табады. Биыл алғашқы тоқсанда өзге мемлекеттерден 600 мың саяхатшы барған. «Әр қайсысы ел қазынасына орта есеппен 500 доллардан пайда әкеледі», – дейді сарапшылар.

Аброрқожа Мунаваров, туризм министрлігі инвестиция басқармасы басшысының орынбасары:

Арнайы платформа әзірленеді. Салық органдарымен үйлесімді жұмыс істейді. Саяхатшы жүрген жерінде түбіртек талап етіп, оның кюар кодын жүйеге жүктеп отырады. Мәселен, әуе билетінен 150 мың сом қайтарылады. Концерт, галерия, цирк секілді орындарда билеттің 50 проценті өтеледі.