А.Гутерриш: Тұрғындарды эвакуациялау бойынша үшінші операция жүріп жатыр

Украинаның Мариуполь қаласы мен «Азовсталь» зауытынан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша үшінші операция жүруде, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш мәлімдеді. Оның айтуынша Біріккен Ұлттар Ұйымы және «Қызыл крест» бастамасымен Ресей әскерінің бақылауындағы шаһардан өткен жұмадан бері 500-ге жуық адам қауіпсіз аудандарға көшірілген. Олардың 350-дейі Украина күштерінің бақылауындағы Запорожье қаласына, қалғаны Ресей әскері аумағындағы мекендерге көшкен. Мәліметке қарағанда қалада әлі 100 мың, ал украиналық сарбаздар бекінген «Азовсталь» зауытында 200-ден аса бейбіт тұрғын бар

Антониу Гутерриш, БҰҰ бас хатшысы:

– Қазір шаһардан бейбіт тұрғындарды эвакуациялау бойынша үшінші операция жүріп жатыр. Мәскеу мен Киев келіссөзі аясында бейбіт тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіру жалғасады деп үміттенемін. Біз бұл үшін қолдан келгеннің бәрін жасауымыз қажет.