БҰҰ Ресей мен Украина азық-түлігін әлем нарығына қайтаруға шақырды

Қарулы қақтығысқа қарамастан Украина, Ресей және Беларусь елінің азық-түліктері мен тыңайтқыштарын әлемдік нарыққа шығуын қамтамасыз ету қажет, деп хабарлайды «Хабар 24».

БҰҰ бас хашсы Антониу Гутериш Қауіпсіздік кеңесінің отырысында мұның ғаламдық азық-түлік қауіпсіздігі үшін аса маңызды екенін атап өтті. Сондықтан ол осы мақсатта ол келіссөз жүргізуге барын салады. Мәселен, Украинадағы қарулы қақтығыс басталғалы әлемде азық-түлік пен тыңайтқыштардың бағасы күрт өскен. Мысалы, наурыз айында азық-түлік өнімдерінің құны 13 процентке шарықтаған. Мамандар оған астық пен өсімдік майының қымбаттауы себеп деп отыр.