Ресей мұнайына эмбарго қашан енгізіледі?

Ресей мұнайына эмбарго қашан енгізіледі?
ХВИЛЯ

Еуроодақ Ресей мұнайына толық эмбаргоны 9 айдан кейін ғана енгізеді, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Экономика мәселелері жөніндегі еурокомиссар Паоло Джентилони мәлімдеді. Оның айтуынша, шектеуді бірден енгізу қара алтынның әлемдегі бағасына кері әсер етпек. Ол аталған шара кәрі құрлық экономикасына ықпал ететінін, бірақ бәрінен бұрын Ресей қатты зардап шегетінін ескертті. Джентилони Украинаға санкциялар қабылдау арқылы қолдау көрсетудің белгілі бір деңгейде қиындықтар әкелетінін жасырмады.