53 адам қаза тапты: Қытайда құлаған үй заңсыз салынған

53 адам қаза тапты: Қытайда құлаған үй заңсыз салынған
BBC

Қытайдың Чанша қаласында көпқабатты үйдің құлауынан қаза тапқан адамдардың саны 53-ке жетті, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар жоғалған тұрғындардың бәрін тауып, оқиға орнында іздестіру-құтқару жұмыстары тоқтатылды.

Еске сала кетейік, өткен жұма күні Қытайдың Чанша қаласында 6 қабатты үй опырылып құлаған еді. Бірнеше күнге созылған іздестіру-құтқару шаралары барысында 10 адам аман-есен шығарылды. Алдын ала тергеуге қарағанда үй заңсыз салынып, қауіпсіздік құжаттары алаяқтық жолмен бекітілген. Оқиғаға қатысты 9 адам қамауға алынған.