Ресейде 500 үй отқа оранды

Ресейде 500 үй отқа оранды

Сібірде орман отқа оранды. Тілсіз жау 800-ден астам нысанның күлін көкке ұшырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

8 адам көз жұмып, 20-ға жуығы жарақат алды. Бүкіл өңірде төтенше жағдай тәртібі жарияланды. Мамандардың айтуынша, жалын 1 мың гектар жерге жайылып кеткен. Оттың шығуына электр сымдарының тұйықталуы себеп болған. Қазір өрт ошақтарының бәрі бақылауға алынды.