Францияда президент Эммануэль Макронды ұлықтау рәсімі өтті

Францияда президент Эммануэль Макронды ұлықтау рәсімі өтті

Салтанат Елисей сарайында ұйымдастырылған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Дәстүр бойынша Мемлекет басшысына салмағы бір келі болатын алтын алқа табысталды. Ұлықтау рәсіміне 500-ге жуық адам шақырылған. Арасында осы бесінші республиканың экс-президенттері – Николя Саркози мен Франсуа Олланд та бар. Айта кеткен жөн, сәуірде өткен сайлаудың екінші кезеңінде Эммануэль Макрон 58,5 процент дауыс жинап, жеңіске жеткен еді. Бұған дейін Франция тарихында тек екі президент қана қайта сайланған.