Қызыл алаңда парад өтті

Қызыл алаңда парад өтті

Мәскеудегі Қызыл алаңда Жеңістің 77 жылдығына арналған парад өтті. Әскери шеру бір сағатқа созылды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Биыл бұл шараға шетелдік басшылар барған жоқ. Шеруге 11 мың адам мен әскери техниканың 131 үлгісі қатысты. Бұл өткен жылдармен салыстырғанда едәуір аз. Ұшақтар мен тік ұшақтар әуеге көтерілген жоқ. Ресми себеп: ауа-райының қолайсыздығы. Авиация Петербург, Екатеринбург, Новосібір, Самара, Калининград және Дондағы Ростов, Хабаровск пен Амурдағы Комсомольскте де ұшпады.