Зеленский Жеңіс күнінде украиналықтарға үндеу жариялады

Зеленский жеңіс күнінде халқына үндеу жариялады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Владимир Зеленский, Украина президенті:

Біз балаларымыздың бостандығы үшін күресіп жатырмыз, сондықтан жеңіске жетеміз. Екінші дүниежүзілік соғыстағы ата-бабаларымыздың ерлігін ешқашан ұмытпаймыз. 8 млн-нан аса украин қаза тапқан, әр бесінші украин үйіне оралған жоқ. Сол соғыста 50 млн-дай адам опат болды. Біз мұны қайталай аламыз деп айтпаймыз. Өйткені тек есі ауысқан адам соғыстың 2194 күнін қайталағысы келеді. Ол қазір де Гитлер билігінің зұлым қылмыстарын қайталап жатыр. Бірақ оның ақыры жаман болады, өйткені миллиондаған ата-бабамыздың қарғысы тиді. Көп ұзамай Украинада екі Жеңіс күні болады. Бұл жолы да жеңіске жетеміз. Крещатикте Украина жеңісінің парады өтеді.