Сирияда 6,5 миллион бала көмекке мұқтаж

Сирияда 6,5 миллион бала көмекке мұқтаж

Сирияда 6 жарым миллионнан астам бала көмекке мұқтаж. Бұл сондағы соғыстың салдары.

Мұндай мәліметті Біріккен Ұлттар Ұйымының Балалар қоры жариялады.

Биылғы жылдың бастапқы 3 айында 213 жеткіншек ажал құшқан. Миллиондаған бала ешқандай жағдайы жоқ жерде, үрей мен қорқынышта, аш-жалаңаш өмір сүруге мәжбүр. ЮНЕСКО әлі күнге дейін бір-бірімен қырқысып жатқан тараптарды өскелең ұрпақтың тағдыры мен болашағы үшін бейбіт бітімге келуге шақырып отыр. Сарапшылар тұрақтылық салтанат құрмай, қырық-пышақ болған араб еліне гуманитарлық көмек жеткізу мүлде мүмкін емес дейді.