Мэрилин Монроның суреті 195 миллион долларға сатылды

Американдық суретші Энди Уорхол салған әйгілі киножұлдыз Мэрилин Монронының портреті 195 миллион долларға сатылды.

Жалпы бұл аукционда ең қымбат бағаға саудаланған американдық өнер туындысы. Уорхол картинаны Мэрилин Монро дүниеден өткеннен кейін 1964 жылы салды. Кейін туынды американдық поп-өнердің символына айналады. Картинаны лос-анджелестік арт-дилер сатып алды. Аукционға дейін ол әйгілі швейцариялық арт-дилер Томас Амманның қолында болған.