АҚШ-та жанармай бағасы қымбаттады

АҚШ-та жанармай бағасы қымбаттады

АҚШ-та жанармай бағасы рекордтық көрсеткішке жетті. Қазір халық  бір галлон бензин үшін  $4,4 төлейді. Американдық автокөлік қауымдастығының мәліметі бойынша баға 4 центке қымбаттаған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұған Ресей мен Украина арасындағы текетірес себеп болды дейді мамандар. Сарапшылар санкциялардың салдарынан елде жанар-жағармай қорының да азайып бара жатқанын айтады. Ресейдің экспорты қысқарғаннан кейін жанармай дағдарысы АҚШ-тан бөлек Еуропа мен өзге де елдерде сезіле бастады.