Трамп Twitter-ге қайта оралуы мүмкін

Трамп Twitter-ге қайта оралуы мүмкін

АҚШ-тың бұрынғы президенті Дональд Трамп Twitter әлеуметтік желісіне қайта оралу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Бұл туралы Twitter-дің жаңа басшысы Илон Маск хабарлады. Оның пікірінше Трамптың аккаунтын бұғаттау қате шешім болған. Мәселен желі бұдан кейін өз аудиториясының біраз бөлігінен айырылып қалды. Естеріңізге салайық, бұған дейін Трамтың өзі Twitter-ге оралмайтынын бірнеше рет ескерткен еді. Саясаткер өз аккаунтын қалпына келтіруден бас тартып өзінің әлеуметтік желісін қолдануға ниетті еді.