АҚШ-та тұрғын үйлер күлге айналды

АҚШ-та тұрғын үйлер күлге айналды

АҚШ-тың Калифорния штатындағы орман өрті құны миллиардтаған доллар тұратын 20 баспананы күлге айналдырды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылардың айтуынша, қызыл жалын желден жан-жағына лезде тарап, көзді ашып-жұмғанша бірнеше тұрғын үйді тып-типыл етті. Қазір шамамен 80 гектар жер жарамсыз күйге айналды. Жергілікті билік халықты шұғыл эвакуациялау туралы бұйрық берді. Тілсіз жауды ауыздықтау үшін авиация мен ондаған техника жұмылдырылды.