Финляндия НАТО-ға кіруге шешім қабылдады

Финляндия НАТО-ға кіруге шешім қабылдады

Бұл туралы ел президенті Саули Ниинистё мәлімдеді. Қазір бұл ұсыныс парламент қарауына жіберілген.

Министрлер кабинетінің басшысы НАТО-ға қосылу Солтүстік Еуропаны қауіпсіздік жағынан күшейтіп, жаңа мүмкіндіктерге жол ашады деп есептейді. Солтүстік атлантикалық альянстың бас хатшысы Йенс Солтенберг Суоми елінің шешімін қуана қолдайтынын жеткізді.