Ресейде көктем келгелі кене қаптап кетті

Ресейде көктем келгелі кене қаптап кетті

Бұл жәндік түрлі вирус тасымалдайды. Осыған байланысты адамдардың денсаулығы мен өміріне де қауіп төне бастады. 

Көбіне кене арқылы боррелиоз, энцефалит пен геморрагиялық қызба инфекциялары тарайды. Ресейде жыл сайын жарты миллионға жуық адам дәрігерге «кене шақты» деп шағымданады. Олардың 25%-і бала. Сондықтан эпидемиологтар далада жүргенде сақ болуға шақырады.

Марат Макенов, эпидемиолог:

Мазасыз мерзім басталды. Кенелер тіріліп, жануарлар мен адамдарға белсенді шабуылға кірісті. Бұл қауіп-қатерді Ресейдің барлық аймағынан күтуге болады. Асқан сақтық қажет.