Мексикада мұғалімдер ереуілге шықты

Мексикада мұғалімдер ереуілге шықты

Шаһар көшелеріне жиналған наразы халық биліктен еңбек жағдайының жақсаруы мен жалақының көтерілуін талап етті.

Айтуынша, ел президентінің қатаң экономикалық саясатынан азаматтарға төленген жалақы мен мемлекеттік жәрдемақының мөлшері мардымсыз деңгейге жетті. Мұғалімдер білім беру саласындағы реформаға да қарсылық танытуда. 

- Ереуілге шығуымыздың себебі көп. Ең бастысы, экономикалық мәселе алаңдатады. Тапқан табыс күнделікті күнкөріске жетпейді. Мұғалімдердің жұмысына көңіл бөлетін кез келді. Өйткені пандемия басталғалы еш өзгеріс болған жоқ.