460,95 484,00 8,66
+7 (7172) 757 485 24kz@khabar.kz

Солтүстік Кореяда қатаң локдаун жарияланды

  • 223
  • UPD: 09:27, 18.05.2022
Солтүстік Кореяда қатаң локдаун жарияланды

Соңғы мәліметке сәйкес коронавирустан 1 млн 700 мыңнан астам адам қауіпті дертке шалдығып, 62 адам көз жұмды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Қазір шамамен 700-ге жуық адам ем қабылдап жатыр. Эпидемиологиялық ахуалдың өршуіне байланысты Ким Чен Ын аймақтағы барлық қалалар мен уездерді жауып, қатаң локдаун жариялады. Қазір жергілікті тұрғындарға әскерилер дәрі-дәрмек жеткізіп жатыр. Ким Чен Ын індетпен күресте өз әкімшілігінің жұмысын қатаң сынға алды. 2020 жылы әлемді коронавирус жайлағанда Солтүстік Корея шекарасын жауып тастаған еді. Содан бері аймақта бір де бір науқас тіркелмеген. Пхеньян халықаралық Covax бағдарламасынан  вакцинаны қабылдаудан да бас тартқан болатын. БҰҰ-ның адам құқығы жөніндегі Жоғарғы комиссары елдегі жағдайға алаңдаушылық білдірді.

Лиз Тросселл, БҰҰ адам құқығы жөніндегі басқармасының баспасөз хатшысы:

– Солтүстік Кореяда денсаулық сақтау саласының жағдайы мен оның инфрақұрылымы өте нашар. Вируспен күресу үшін елде дәрі-дәрмек, тест және медициналық құрал жабдық тапшы. Вакцинаның жоқтығынан жағдай ушығып кетуі мүмкін. Індетпен күресте жергілікті билікті барлық тиісті шараларды қабылдап, халықаралық заңға сәйкес адам құқығының бұзылмауын жіті қадағалауы керек. Мәселен шалғай елді мекендерде тұратын аналар мен балалардың, егде жастағы тұрғындардың және абақтыда отырғандардың вирусты жұқтыру қаупі өте жоғары. Оларға барынша көмек көрсету керек.

Хабар 24 телеарнасы