Лос-Анджелесте орман өрті өршіп тұр

Лос-Анджелесте орман өрті өршіп тұр

Лос-Анджелесте орман өртеніп жатыр. Тілсіз жау Гриффит обсерваториясының маңында шарпыған, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғат апатын ауыздықтау үшін тікұшақ пен ондаған маман жұмылдырылды. Обсерваториядағы адамдар толық эвакуацияланды. Қазір мамандар өрттің шығу себебін анықтауға кірісті. Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Жарақат алғандар жайлы да ақпарат болмады.