Бразилияда қар жауды

Бразилияның оңтүстігі қар құрсауында қалды. Ақпарат көздерінің хабарлауынша ақ ұлпа елдің бірнеше штатында жауып, аймақта тропикалық циклон орнады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Табиғаттың тосын мінезінен бірнеше өңірде ауа температурасы күрт төмендеп кеткен. Осыған орай Сан-Паулу қаласындағы метрода  үйсіз жүргендерге уақытша түнеу орталығы ашылды. Халыққа жылы киім мен көрпе-жастық таратылды. Қайырымдылық ұйымдар көмекке мұқтаж жандарға барынша көмек көрсетілетінін уәде етті. Синоптиктер ауа райы алдағы күндері қайта жылынады деп болжап отыр.

Сондай-ақ...