Шри-Ланкада жанармай таусылды

Шри-Ланкада жанармай таусылды

Билік елдің ең ірі қаласы – Коломбо кемежайында наурыздың соңынан бері отын тиелген танкер тұрғанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Ал үкіметте оған төлейтін ақша жоқ. Кемеге иелік ететін компания үкіметтен алдымен бұған дейнгі 53 млн доллар қарызды өтеуді талап етіп отыр. Елдің нергетика министрі тұрғындарды жанармай құю бекеттерінде бостан босқа кезекте тұрмауға шақырды. Өйткені алдағы бірнеше күн елде бензин болмайды. Шри-Ланка 1948 жылы тәуелсіздік алғалы бері ең күрделі экономикалық дағдарысты бастан өткеріп отыр. Өйткені коронавирус пандемиясы салдарынан экономикасы туризмге тәуелді  мемлекеттің кірісі күрт төмендеген. Соның кесірінен елде азық-түлік, дәрі-дәрмек пен жанармай тапшылығы туындады.