АҚШ-та жанармай қымбатшылығы жөнінен рекорд орнады

АҚШ-та жанармай қымбатшылығы жөнінен рекорд орнады

АҚШ-та осы аптада төртінші рет жанармай бағасына қатысты рекорд орнатылды.

Қазір оның бір галлонының орташа құны 4 жарым доллардан асады. Калифорнияда тіптен 6 доллар шамасында. Былтыр бір галлон 3 доллар тұратын. АҚШ-та осымен 3 ай қатарынан жанармай бағасы өсіп барады. Оған әлемдік нарықта мұнайдың қымбаттауы себеп. Оның үстіне жаз маусымы таяп қалды. Яғни демалысқа шыққан жұрт жан-жаққа кетіп, бұл жанармайға деген сұраныстың артуына әкелді.