Ирактың құмды даласында жасыл желек пайда болды

Ирактың құмды даласында жасыл желек пайда болды
ad - BIRMISS.COM

Кербела қаласы маңындағы құм даланы көгалдандыру жобасы қолға алынды, деп хабарлайды «Хабар 24».

Жоспар бойынша ұзындығы – 250 шақырым, ені – 100 метр жерді көркейту көзделген. Ол үшін жергілікті мамандар көне қаланың іргесіне 50 мың түп ағаш екпек. Бүгінге дейін 24 мың көшет отырғызылған. Қалғаны алдағы бір-екі жылда жүзеге асырылады. Жалпы БҰҰ дерегіне сәйкес Ирак – әлем бойынша ең ауыр климаттық дағдарысты бастан кешіріп жатқан елдердің бірі. Соңғы жылдары мұнда ауа температурасы 52 градусқа дейін көтерілген.