Рио-де-Жанейрода атыс болып, 21 адам қаза тапты

Рио-де-Жанейрода атыс болып, 21 адам қаза тапты

Бразилияның Рио-де-Жанейро қаласында полицияның ұйымдастырған арнайы операция барысында 21 адам мерт болды.

Атыс кезінде тағы 11 -і түрлі жарақат алған. Марқұмдардың арасында 41 жастағы әйел де бар.

Тәртіп сақшыларының айтуынша, операция қылмыстық топтардың көшбасшыларын қамауға алу үшін ұйымдастырылған болатын. Қазір жараланғандар дәрігерлердің жіті бақылауында.