Жерорта теңізінде 110 мигрант құтқарылды

Жерорта теңізінде 110 мигрант құтқарылды

Жерорта теңізінде 110 мигрант құтқарылды. Арасында 2 жасар бала бар. Open Arms үкіметтік емес ұйымның мамандары кірмелер отырған кеме Тунис жағалауында апатқа ұшырағанын айтады, деп хабарлайды «Хабар 24».

Құтқарушылар борттағылардың барлығын аман алып қалды. Ливиядан шыққан заңсыз мигранттар теңізде 20 сағаттан астам уақыт қалқыған екен. Шараға Италияның жағалау күзеті де тартылды. Мигранттардың барлығы дәрігерлердің жіті тексеруінен өтті.

Айта кетейік, миграция бойынша халықаралық ұйымның мәліметіне сәйкес Ливия мен Солтүстік Африка елдерін Италиямен байланыстыратын Жерорта теңізі ең қауіпті жол болып танылды. БҰҰ 2021 жылы теңіз арқылы жолға шыққан 1500 адам із түзсіз жоғалғанын айтады. Ал жыл басынан бері 500 адам опат болды. Жалпы биыл Жерорта теңізі арқылы 16 мың мигрант Италияға табан тіреді. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 3 мыңға артық көрсеткіш.