Starliner ғарыш кемесі Жерге оралды

Boeing компаниясының Starliner атты ғарыш кемесі Жерге оралды.

Ол АҚШ-тың Нью-Мексико штатына сәтті қонған. Зымыран Халықаралық ғарыш станциясына 300 келі жүк жеткізу үшін ұшырылған. Бүгінде Боинг компаниясы НАСА-мен арадағы келісімшарт аясында басқарылатын ғарыш кемесін құрастырумен айналысып келеді. Алғашқы сынақ жұмыстары 2019 жылы өтті. Бірақ сол кезде Starliner ғарыш станциясына түйісе алмады.

FALCON 9 орбитаға 59 спутникті жеткізді

SpaceX компаниясы Falcon 9 зымыранын ұшырды. Ол Флорида штатынан көкке көтерілді. ТранспортЭр-5 ((Transporter-5)) миссиясы аясында ғарыш кемесі жер орбитасына 59 коммерциялық спутник жеткізді.