Украинада бірнеше елге тиесілі 70 кеме теңізге шыға алмай тұр

Украина порттарында бірнеше елге тиесілі 70 кеме теңізге шыға алмай тұр.

Салдарынан тауар жеткізуде қиындық туды. Бұл әсіресе май мен бидайға қатысты.

Трейдерлердің дерегі бойынша, бұрын көлік тораптары арқылы өтетін жүк айналымы айына алты миллион тоннаны құраса, бүгінде бұл көрсеткіш жүз есе төмен. Бұған қоса жүздеген кеме Қырымға кіру құқығынан айырылған. Бұл балық шаруашылығына айтарлықтай әсер етті.