Патшайым Елизаветаның құрметіне монета шығарылды

Ұлыбритания Патшайымы Елизавета екіншінің тақта отырғанына 70 жыл толуына орай мерейтойлық монета жасалды.

Британ тағы иесінің құрметіне әзірленген монета толығымен алтыннан жасалған. Диаметрі 220 миллиметр болатын бұйымды әзірлеу үшін 15 келі алтын мен зергерлердің 400 сағат уақыты кеткен. Монетаның бет жағында атқа мінген Патшайымның өзі бейнеленсе, сыртында Елизавета екіншінің монограммасы жазылған. Монета номиналы 15 мың фунт стерлинг. Бірақ оның шынайы бағасы әлдеқайда жоғары, дейді Корольдіктегі ақша сарайының өкілдері.