Сан-Паулуда шерушілер полициямен қақтығысты

Сан-Паулуда шерушілер полициямен қақтығысты

Бразилияның Сан-Паулу қаласында тұрғындар полицейлердің озбырлығына қарсы шеруге шығып, қақтығыс болды. Зардап шеккендер туралы ақпарат жоқ.

Наразылыққа екі жол полцейінің қара нәсілді ер адамды жеңіл көлікте газбен тұншықтырып өлтіруі себеп болды. Оқиға Сержипи штатында Умбаубе қаласында өткен сейсенбі күні болды. Қос тәртіп сақшысы 38 жастағы Женивальдо де Хесус Сантос есімді азаматты көліктің артқы жағына тығып, ішіне түтін жіберген. Жақын маңдағы адамдар осының бәрін бейнежазбаға түсіріп әлеуметтік желіде жариялайды. Қазір оқиғаға байланысты тергеу жүріп жатыр.

Дуглас Белчиор, мұғалім:

- Қазір федералды жол көлік полициясы Гитлердің қаныпезер жендеттері сияқты әрекет ететін болды. Мен өтірік айтып тұрған жоқпын. Біз олардың қалай жұмыс істейтінін білеміз ғой. Олар ешнәрседен тайынбайды.