Жапонияда туристерге шекара ашылды

Жапонияда туристерге шекара ашылды
Туристер.Ру

COVID-19 пандемиясы аяқталғалы бері Жапония алғаш рет туристерге шекарасын ашты, деп хабарлайды «Хабар 24».

Алайда коронавирустың таралуын болдырмау үшін елге келген қонақтар үнемі бетперде киюге мәжбүр болады. Бұл туралы елдің Премьер-министрі Фумио Кисида мәлімдеді. Ол шетелдік туристер бетперде кию талаптарын қатаң сақтау керек екенін атап өтті. Сонымен қатар бұл талаптың орындалуын туристік гидтер бақылауда ұстайтын болады.