Непалда жоғалған ұшақ тауға құлаған

Непалда жоғалған ұшақ тауға құлаған

Непалда жоғалған ұшақтың бөлшектері табылды. Бұл ақпаратты жергілікті әскерилер растады.

Апат орнына шұғыл түрде құтқарушылар мен әскерилер аттанған. Әзірге ұшақта болған адамдардың өлі-тірісі белгісіз. Бортында 22 адамы бар әуе кемесі бүгін туристік қала саналатын Покхарадан Джомсомға аттанған еді. Бірақ көп ұзамай онымен байланыс үзіліп, әуе кеңістігінен ғайып болған.