Германия шетелдік туристерге кеңшілік жасады

Германия шетелдік туристерге кеңшілік жасады

Германия шетелдік саяхатшыларға кеңшілік жасады. Маусымның бірінен бастап шекарадан өткен шетелдіктерден ковид-төлқұжат немесе коронавирустан айыққанын растайтын анықтама сұралмайды.

Жаңа ереже жаз бойы күшінде болады. Жалпы бұл елде шектеу шаралары айтарлықтай жеңілдеп жатыр. Мәселен, кеңсе қызметкерлерінің бетперде киіп, арақашықтық сақтауы қажет емес. Дүкенде де солай. Қорғаныш құралдары тек қоғамдық көлікте ғана керек.

Денсаулық сақтау министрінің айтуынша, мұндай шешімге елдегі эпидахуалдың оңалуы себеп. Бірақ күзде жағдай күрделенсе шектеулер қайта енгізілуі мүмкін.